ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ. Экономика саласы


Туризм экономика саласы ретінде by Saidullaev Sabirzhan on Prezi

Турист энциклопедиясында туризм индустриясы туралы мынадай анықтама берілген: бұл материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстардың пайдала-нуын, туристік тауарлар мен қызметтердің айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емес сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді:

біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы ресурстарға болжам;

екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік;

үшіншіден туризм инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топқа бөледі:Туризм экономика саласы ретінде1. Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпингтер; саяхат және экскурсия бюролары; арнайы көлік, туристік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орындары мен туристік орталықтары туристерді сауықтыру орындарымен, сувенир мен басқа туристік тауар-лар мен қамтамасыз ететіндер).2. Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени-танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар).3. Материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикі зат, инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ туризм сферасына квалификациясы жоғарғы мамандар дайындайтын мекемелер.Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар, солар арқылы халық шаруашылығының басқа да салаларынан бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) бұл жерде өндіріледі және бірден қолданылады. Екінші ерекшелігі оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу.Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты – турист алған өнімдерді "өзімен алып кетеді", яғни жақсарған денсаулық, көңіл күйі, жаңадан толтырылған білім, пікір, ақпарат арқылы.Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі келесі анықтауыштар арқылы анықталады:– туристерге әртүрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы;– туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады;

– туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әртүрлі іс-әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтауда пайда болған;

– қызмет әртүрлі кәсіптік дайындықтағы және білім деңгейіндегі адамдармен көрсетіледі.

Туризмде ұсынылған қызметтер территория бойынша бөлінеді. Туристерге қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін жерлерінде көрсетіледі (ақпараттық қызмет). Басқаларын турист саяхат кезінде (ақпараттық, көліктік қызметтер) алады. Үшіншісін туристер туристік орталықтарда (орналысу, тамақтану, емдеу, көңіл көтеру, іс кездесу) алады.Қызмет көрсетуді туристерге бағыттап үлгі бойынша былай бөлуге болады:1. Қызмет пен тауарларға тарту.2. Олардың туристік өнімге қызығушылығын тудыру.3. Ұсынылған тауар мен қызметтерді пайдалануға қызығушылықтарын тудыру.4. Туристік қызмет пен тауарларды пайдалануда тура шешім қабылдауға көмектесу.

Туристік индустрия дегеніміз туристік өнім шығарушылар, солар арқылы халықтың туристік сұранысын өтейді, олар адамдардың рекреациялық қажеттілігінің арқасында құрылады.Қандай бір фирма болмасын оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдерінің тартымдығына байланысты. Бағасы да, нарықтағы өтімділігі және жылдам таралуы да соған байланысты.

prezi.com

«Салалық экономикасы және менеджмент» пәні бойынша

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Экономика, кәсіпорынды басқару және ұйымдастыру кафедрасы

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

050719-РЭТ

Алматы 2008ж.

1-Дәріс. Байланыс саласының әлеуметтік экономикалық сипаттамасы және оның құрылымы. Саланың қазіргі жай күйі және ҚР-да келешектегі дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Байланыс саласы

1.2 Байланыс саласының структурасы мен экономикалық сипаттамалары

Байланыстың материалдық өндіріс саласына жатады және еліміздің экономика инфраструктурасы транспорт сияқты негізгі өнеркәсіп саласы болып есептеледі.

Экономика деп өзінің өнім шығаратын жағдайы бар өнеркәсіп орнын, оны бөліп тарата, алмастыра алатын қоғамдық өнеркәсіп системасын түсінеміз.

Байланыс саласының міндеті информацияны тарату және жеткізу, беру талаптарды қанағаттандыру. Байланыс барлық халықшаруашылықты іске қосуда ең қажетті қорғалыс істеріне басқару жұмыстарына,қоғамдық істердің барлық сферасына халықтың өмірлік талаптарын қамтамасыз ету барысында,тіпті өнеркәсіп процесінің қандай түрі болмасын пайдалану қажет. Байланыс өнімін өндіру үшін өндіріске өндірістік құрал - жабдық, адам еңбектері, күші, хабарласу да еңбек заты сияқты нағыз қажет. Ал байланыстың басқасымен салыстырғанда ерекшелігі өнеркәсіп салаларында, өнеркәсіп қызметі түрлерінен қызметі басқаша. Байланыс құралдарының жұмысы бұзылса, байланыс өнімін пайдалану да тоқталады, бұл қалаған өндіріс процесіне өте зиян. Сондықтан да байланыс құралдарының қызметінің үздіксіз, сенімді, жылдамдықты қамтамасыз етуіне өте жоғары талап қойылады.

Қазіргі қоғамдық- әлеуметтік өнеркәсіп көптеген аттармен аталатын өнім түрлерін, қызметтерін көрсету және қызметтер түріне, шаруашылық байланысына қарай, салалардан, құрылым жүйелері бірлестіктерден, мекемелерден тұрады. Соның ішінде технологиялық дәрежесін және оның ерекшелігіне қарай бірлесуіне байланысты қызмет түрлері төрт топқа бөлінеді.

Байланыс – үшінші топтағы мала инфраструктураға жатады . Байланыстың негізгі міндеті – хабарлар беру, тарату талабын қамтамасыз ету.

1-кесте. Байланыс мекемесі әртүрлі көрсеткіштерге бөлінеді:

2-кесте.

тақырып бойынша өзін бақылау үшін сұрақтар

1. Байланыс кәсіпорны дегеніміз не?

2. Заңды тұлға не?

3. Кәсіпорын қалай бөлінеді:

● меншік формасы бойынша;

● мекеме – құқықтық форма бойынша;

● жабдық бойынша;

●қызымет құрамы бойынша;

● монополизм түрі бойынша;

● қызымет көрсету аумағы бойынша;

● өндіріс үрдісінде рөлі мен орны бойынша;

●сала түрі бойынша?

4. Жалпы байланыс нені қосады?

« Байланыс қызыметінің экономикалық сиппаттамалары»

Номенклатура қызыметін байланыс қызыметінің түрлері құрайды.Номенклатура тұрақты емес және НТП әсерінен түрі өзгереді және жаңа қызымет түрлерінің пайда болуына талып келеді.

Жеке хабарлар тарату бойынша байланыс өнеркәсібі әр квартал сайын негізі байланыс қызыметтері туралы мәліметтер береді. Осы қызымет түрі бойынша номенклатураға келесілер кіреді: телеграммалар, оның ішінде халықаралық; электронды пошта арқылы хабарлар, оның ішінде халақаралық.

ҚТБ және АТБ қызыметі бойынша келесі техникалық құралдар түрі кіреді:

●негізгі қызымет көрсететін телефонды аппараттардың саны:

●халық,

●бюджеттік мекеме,

●коммерциялық құрылым;

● негізгі телефонды аппараттарды орнату және қайта орнату саны үшін:

● бюджеттік мекеме,

●коммерциялық құрылым

Осы мәліметтерге сүйене отырып кәсіпорын мыныдай экономикалық көрсеткіштермен анықталады:

Байланыс саласындағы басқару негіздері.

Қарстырылатын сұрақтар:

studfiles.net

Мұнай-газ саласы: мүмкіндіктер мен міндеттер

Оған Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев қатысты. Конференцияда Президенттің Жолдауын іске асыру барысындағы газ саласы және мұнайды кеңінен өңдеу тақырыбы қозғалып, биылғы жылдың алғашқы 8 айы бойынша қорытынды жасалды.

Газ өндіру көлемі артады

Мұнай-газ саласының стратегиялық маңызын сақтап қалу - Елбасы Жолдауында белгіленген негізгі міндеттердің бірі. Ал бұл сала көрсеткіштерінің артуы экономика өсімінің дәлелі. Конференция барысында белгілі болғандай, биыл 85 млн тонна мұнай, 48 млрд текше метр газ, 29 млрд текше метр тауар газ өндіріп, 14 млн тоннадан астам мұнай өңдеу жоспарланған. Ал биылғы жылдың 8 айы бойынша бұл салада 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім байқалады. Мысалы, мұнай өндіру көлемі 56,9 млн тоннаны (112,2 %), газ 35,1 млрд текше метрді (118%), сұйытылған газ 1,9 млн тоннаны (114,4 %) құрап, 10,02 млн тонна мұнай қайта өңделген.

«Қазақстан бекітілген қорлар бойынша әлемде 22, ТМД елдері арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін 3-орында тұр. Елімізде газдың өндірілетін қорлары 3,9 трлн текше метр деңгейінде бекітілген», деген Энергетика вице-министрі жалпы қорлардың үштен бірі Қашағанға тиесілі екенін айтты.

Жалпы, газдың экологиялық сипаттамалары негізінде әлемде оны өндірудің өсімі байқалады. Ал Қазақстанда тәуелсіздік жылдары газ алу көлемі 5 есеге артып, 2016 жылы республика бойынша 46,4 млрд текше метрді құрады. Қуаныш Құдайбергеновтің айтуынша, оның 50 %-ы мемлекеттің ішкі және сыртқы қажеттіліктеріне жұмсалып, қалған газ кері айдалған. Енді мемлекет 2016 жылдан 2040 жылға дейін газ алу көлемін 4%-ға өсіруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қашағанды дамыту шеңберінде газды кері айдау көлемін ұлғайту жобасы да министрлік тарапынан қолдау тапқан. Аталған жоба аясында газды кері айдайтын қосымша компрессор салу, қолданыстағы компрессорларды жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл  өнімділікті арттыруға, жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.

«Газ өндіру көлемінің 49%-ы «Қарашығанақ», 31%-ы «Теңіз», 14%-ы «Қашаған» кен орны есебінен қамтамасыз етіледі. Газ алу орындары алыс орналасқандықтан, тасымалдау көлігі  қиындық тудырады. Осы ретте экологиялық қауіптің алдын алу үшін Энергетика министрлігі заңдық базаны нығайту жұмыстарын жасады. Жер қойнауын пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру үшін қанша газ алынып, өңделіп, пайдаланылатыны жазылған бағдарлама жасау міндеттелді», деді вице-министр. Оның айтуынша, Қожасай кен орнында газды кешенді қайта өңдеу қондырғысы салынуда. Енді аталған кен орнында тағы бір газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ соңғы бірнеше жылда Жаңажол газ өңдеу зауытының 3-ші кезегі және Прорва кен орындар тобында газды кешенді даярлау қондырғысы салынып, пайдануға берілген. «Соңғы жылдары Ақтөбе облысында 3, Атырау облысында 2, Қызылорда облысында 2, Батыс Қазақстан облысында 1 газ өңдеу зауыты іске қосылған. Сонымен қатар қазіргі таңда магистральдық газ көлігі жүйесінің жалпы ұзындығы 18 мың шақырымды және таратқыш тораптың ұзындығы 50 мың шақырымды құрайды. 2016 жылдың мауысым айында Жаңажол газ өңдеу зауытының үшінші кезеңі іске қосылды. Жобаға 150 млрд теңге жұмсалды», деді Мағзұм Мырзағалиев.

Еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында газ саласында да үдемелі технологиялық жаңғыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнай-газ саласының стратегиялық маңызын сақтап қалу - Жолдаудың ең басты міндеттерінің бірі. Энергетика вице-министрі Елбасы жолдауына сәйкес оңтүстік өңірлерді газбен қамту үшін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы жоспарланғанын айтты. «3 жыл бұрын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі пайдалануға енгізілді. 2013 жылдың қыркүйек айында «Бозой-Шымкент» аумағында магистральды газ құбырына отын жіберілді. 2015 жылы қарашада «Бейнеу-Бозой» бөлігі бітті. Бұл жоба Оңтүстік Қазақстандағы 577 елді мекенді газбен қамтуға көмектеседі. Жобаға 3,5 млрд доллар инвестиция тартылған», деді ол.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаевтың  айтуынша, қазақстандықтардың газға қарызы жыл сайын жылу маусымында кедергі келтіреді. «Біз жыл сайын осы проблемамен бетпе-бет келеміз. Мысалы, өткен жылы жылыту маусымының соңында газға қарыздың мөлшері 21 млрд теңгені құрады. Бұл біздің компанияға салмақ түсіреді. Қазіргі таңда біз ол қарыздың мөлшерін 12 млрд теңгеге азайттық. Дегенмен бұл жағдай жылыту маусымы барысында біздің компанияға кедергі келтіреді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан аталған мәселеге қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді ол. Манас Тасыбаевтың айтуынша, қарызы көп мекемелер қатарына отын-энергетикалық кешендер жатады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Байқоңырға газ жіберу мәселесіне тоқталды. «Өткен жылы компания 48 шақырым газ құбырын салды. Газды автоматты түрде бөлетін станса тұрғызылды. Жазда үкіметаралық комиссия отырысында газдандыру схемасы мақұлданған болатын», дей келе Манас Тасыбаев биыл әлеуметтік нысандарға газ жіберіле бастауы мүмкін екенін айтты.

Бір айта кетерлігі, Елбасы тапсырмасына сәйкес елді мекендерді газдандыру жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Бүгінгі таңда тұрғындардың 46%-ына, яғни, 8 млн-нан астам адамға, сонымен қатар 35 мыңнан астам кәсіпорынға газ беріліп жатыр. «Газ саласын дамыту бағдарламалық құжаттар негізінде жүзеге асырылуда. 2014 жылы республиканы 2030 жылға дейін газдандырудың бас схемасы бекітілген болатын. Бұл бағдарлама арқылы газбен қамтылған халық санын 12 млн-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ республика бойынша 1600 елді мекенге газ жіберіледі», деді ҚазТрансГаз Аймақ директоры. Оның айтуынша, елді мекендерді газдандыруға бюджет қаражатынан бөлек ұлттық оператор – ҚазТрансГаз бен мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктен қаражат тартылады. Ал 2006 жылдан бері газдандыру жұмыстарына 260 млрд теңге кеткен. Оның ішінде 112 млрд теңге республикалық бюджетке тиесілі болса, ҚазТрансГаз 150 млрд теңге жұмсаған. Соның нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендердің саны 750-ден 1200-ге жетіпті.  «Елбасының тапсырмасына сәйкес республиканы газдандыру жұмыстары бойынша ҚазТрансГаз барлық жоспарлаған инвестициялық жобаларды жүзеге асырды. 2020 жылға дейін мемлекеттің 9 өңірінде 7 мың километрден астам газ құбыры бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Қазіргі таңда компания өз қаражатына 200 мың тұрғыны бар 30 елді мекенге газ жіберіп отыр. Биыл жергілікті және республикалық бюджет есебінен 50 елді мекенге газ беріледі», деді Манас Тасыбаев.

Газ химиясы саласында бірнеше жобалар атқарылуда

Біз күнделікті тұтынып жүрген ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, пластик терезе, ойыншықтар осы мұнай-газ химиясы өнімдеріне мысал бола алады. Дамыған елдерде мұнай-газ химиясы саласындағы бір доллар табыс экономикаға 2-3 доллар пайда әкеледі. Ал әр жаңа жұмыс орны экономикада 7 жаңа жұмыс орнын ашуға әсер етеді. Әлем сарапшылары 2030 жылы мұнай-газ химиясы өнімін тұтыну 2 трлн долларға жетеді деп болжап отыр. Сол себепті Энергетика министрлігі Қазақстанда да бұл саланы дамыту үшін бірқатар шараларды қолға алған.

«Самұрық Қазына» АҚ-ның еншілес компаниясы саналатын «Берлескен химия компаниясы» ЖШС газ химиясы жобасы бойынша Атырау облысында екі ірі жобаларды қолға алды. Біріншісі – газ пропиленін өндіру. Бұл жобаға 2,6 млрд доллар жұмсалмақ», дейді Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов. Оның айтуынша, екінші жоба негізінде полиэтилен өндірісі қолға алынады. «Мемлекет басшысының 2017 жылдың басындағы Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары қорытындысы бойынша осы жобаны бірлесіп іске асыру туралы Borealis компаниясымен келісімге келдік. Жоба құны 6,5 млрд долларды құрайды», деді ол.

Мұнай өңдеу зауыттарында жөндеу жұмыстары азаяды

2016 жылы әлеуметтік-экономикалық жағынан маңызды саналатын Болашақ кеңею жобасы бойынша жұмыстар басталған. Жобаны іске асыру арқасында теңізде өндірілетін мұнай көлемі жылына 38-39 млн тоннаға жетіп, 12 млн тоннаға өсетін болады. Алдағы 3-5 жылда жалпы құны 38 млрд долларды құрайтын жобаның кем дегенде 32 %-ы қазақстандық тауарларға көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Олар - 1945 жылы іске қосылған Атырау МӨЗ, 1978 жылы ашылған Павлодар МӨЗ, 1985 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Шымкент МӨЗ. 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру картасы аясында аталған мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. «Жаңғырту жұмыстары сәтті жүзеге асырылса К4, К5 санатты моторлы жанармай өндірісі артады. АИ-92 маркалы бензин өндірісі 2,2 есе, АИ-95, 98 9,6 есе, дизельді жанармай 30 есеге өседі деп болжануда. Сонымен қатар АИ-80 өндірісі тоқтатылады», деді Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов. Оның айтуынша, Атырау МӨЗ шығаратын өнім халықаралық талаптарға сай болу үшін бірқатар жұмыстар атқарылған. «Аталған зауытты жаңғырту жұмыстары 2 негізгі кешеннен тұрады. Біріншісі – көмірсутек өндірісі кешені. Оны жүзеге асыру барысында 2 негізгі технологиялық қондырғы қосылады. Жоғары белсенді бензин өндірісін арттыруға мүмкіндік туады. Аталған технологиялардың жанармай және мұнай химиясы кешені үшін пайдасы көп. Қазіргі таңда жоғары белсенді бензин өндірісі жылына 260 мыңнан 600 мың тоннаға жетті.  Сонымен қатар мұнай химиясының басты шикізаты саналатын бензол өндірімі жолға қойылып, 2006 жылдан бастап Ресей федерациясына экспорт қолға алынды. Екіншісі – мұнайды терең өңдеу кешені», дей келе департамент басшысы мазут өндірісі екі есе қысқаратынын айтты.

Қуаныш Құдайбергеновтің айтуынша, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарының бірінші сатысы биылғы жылдың маусым айында аяқталған. Жоғары белсенді бензин өндірісі 1,7 есе өскен. Ал екінші сатысы 2018 жылдың қыркүйек айында бітеді деп жоспарланып отыр. Жоспар бойынша жылдық мұнай өңдеу көлемі 6 млн тоннаға жетіп, жоғары белсенді бензин өндірісі 2 есеге, дизельді отын 1,3 есеге, авиаотын 1,6 есегеартпақ.

«Павлодар МӨЗ-да да жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Биыл қараша айында жаңа технологиялық қондырғылар іске қосылады. Нәтижесінде жоғары белсенді бензин өндірісі 1,4 есеге артып, жылына 260 мың тонна авиоотын өндірілмек. Сонымен қатар барлық өнім К4, К5 экологиялық санаттарына сай болады», дей келе Қуаныш Құдайбергенов зауыттардағы жөндеу жұмыстарын жүргізу аралығы қысқаратынын айтты. Мысалы, қазір жөндеу жұмыстары жыл сайын жүргізілсе, аталған жоба жүзеге асса 3 жыл сайын ғана жүзеге асырылатын болады. 2016 жылы басталған жоба 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

egemen.kz

ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ

Авторы: Елеусиз Л.Т., Мусабаева А.К.

ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ

 

Елеусиз Л.Т., э.ғ.к., аға оқытушы

Мусабаева А.К., аға оқытушы, магистр

«Туризм және сервис» кафедрасы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қ.

 

Аннотация

Туризм саласын экономикалық қатынастарды зерттейтін экономиканың тікелей дамуына байланысы бар сала ретінде қарауымыз керек. Туризм – ол өнеркәсіп үрдістері арасындағы пайда болуы мен дамуын, туристік өнімдер мен қызметті бөлу және пайдалану, сөйтіп тұтынушының сұранымын қанағаттандыру болып табылатындықтан экономикаға тікелей қатысты деп білеміз.

Кілтті сөздер: туристік инфрақұрылым, экономикалық қатынастар, туризм индустриясы, туризмді дамыту.

 

Тәуелсіздік алғанымызға міне биыл жиырма бес жыл толды, осы жыл уақыт аралығында еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.

Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса – бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ.

Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, мемлекеттің экономикалық әлеуетін күшейтетін басты кіріс көздерінің бірі – туризмді дамытуды қолға алуымыз керек деп санаймыз.

Бүгінгі күнде дүниежүзі бойынша туризм саласынан ел бюджетіне түсетін қаржы мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан түсетін табыстан кейінгі тұрғанын кіріс көзі болып табылады. Сол сияқты Туристік Ұйымның деректеріне сүйенетін болсақ ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін қамтыса, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын қамтыйды екен, ал әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтыйды деп жазады.

Туризм саласы Қазақстан Республикасы экономикасының өсуіне және оның әр тараптануына тікелей ықпал ететін бірден-бір фактор.

Қазақстанда туризм саласының болашағы өте зор. Ол үшін, әрине елде инфрақұрылымды дамытуымыз маңызды. Қазақстан дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуі үшін, экономиканың барлық бағыттарын жан-жақты саралап жандандыруымыз қажет және оның ішінде, қазіргі туризмді дамыту біздің басты міндетімізге айналуы қажет деп есептейміз. Өйткені туризм саласын дамыту экономиканың басқа да салаларының дамуына әсер ететінін білеміз, сол кезде еліміз шикізатқа тәуелділіктен де арылар еді деп ойлаймыз.

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. Қазақстандағы туризм индустриясының осы уақытқа дейін дамымай қалуының негізгі себептерінің бірі оған экономиканың саласы ретінде біраз уақытқа дейін мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеді және шындап қолға алынбаған.

Енді қазіргі уақытта экономиканың бір саласы туризмді дамыту алға қойған мақсаттардың бірі деп алып отырмыз.

Қазақстанда үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында туризм дамыту мәселесіне арнайы назар бөлінген. Бағдарламада қойылған мақсаттарға сәйкес, мемлекет іскер топтармен бірігіп еліміздің барлық облыстарында туристік инфрақұрылымды белсенді қалыптастыруда.

Туризм саласын туристік инфрақұрылымсыз елестету мүмкін емес. Туристік инфрақұрылымының дамуы, өз кезегінде ішкі және сыртқы туризм өрісінің кеңеюіне жол ашып береді.

Біздің мемлекетімізге келген туристер көбінесе туристік инфрақұрылымымен байланыста болғаны анық. Туристік инфрақұрылым дегеніміз демалуға келген адамдардың жағдайын жасау болып табылады. Яғни, олардың ойдағыдай демалуы, ем алуы, қажетті керек-жарақтарын табуы. Пайдалануға күнделікті қажеті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Сол себепті, еліміздің туристік инфрақұрылымын дамытуға және жандандыруға мән беруіміз қажет.

Егер біз мемлекетіміздің бірінші мәселесінің бірі туристік инфрақұрылым деп алатын болсақ, ол үшін туристік инфрақұрылымға әсер ететін кемшіліктер мен мәселерді талқылап, жою жолдарын іздеп, артықшылықтар мен жетістіктерін басқа елдерге көрсетіп, мемлекетімізді жандандыратын болсақ, онда еліміз Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттер қатарынан көрінуі мүмкін.

Осыған орай, біз туристік инфрақұрылымның дамуы туризм және экономика салалары жағынан маңыздылығы зор екенін анықтадық. Біріншіден, Қазақстан Республикасында туристік инфрақұрылым жоғарғы дәрежеде дамытылса, онда туристердің қажеттіліктері толықтай қанағаттандырылды деп есептеуге болады. Ал екіншіден, туризм және экономика салаларының даму дәрежесі шетелдік мемлекеттермен қатарлы болады.

Туристік инфрақұрылымды дамытуда Қазақстанда көптеген жобалар қолға алынуда, онын бірі Батыс Еуропа – Батыс Кытай ірі көлік дәлізі. Сонымен қоса, 2014 жылы елбасымыз Нұрлы Жол жолдауында туристік инфрақұрылымды дамытуға ұлттық қордан ақша бөлінеді деп атап өтті.

Туристік инфрақұрылымның құрамы экономика салалары сияқты бірнеше салаларға бөлінеді. Оларға: көлік түрлері, орналастыру орындары, қоғамдық тамақтану орындары, байланыс және жолдың сапасы кіргізіледі. Әрбір салада өзіндік бір шарттар болады. Оларға: құрамы, даму дәрежесі, қызмет көрсетулер саны мен сапасы, қызмет көрсетулер түрлері мен географиялық қасиеттерін жатқызамыз.

Ал, елімізде туризм инфрқұрылымын дамыту мақсатында бізде көз сүйсінетін жерлер өте көп, табиғаты таңғажайып керемет жерлер де аз емес. Суы, табиғаты, ауасы мың бір ауруға шипа Қазақстан – табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы. Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың.

Осы көрікті жерлерді ірі туристік өңірге айналдырса, туризм саласындағы бәсекелестік те артып, сапалық көрсеткіштерінің артуына жағдай туары сөзсіз. Соның нәтижесінде отандық туризм саласы шетелден турист тартатындай қабілетке ие болар еді.

Отандық туризм дамуындағы негізгі проблемалар қандай деп білеміз? Халықтың пікіріне сүйенсек, Қазақстандағы туризм қымбат деген пікірлер айтуда.

Соңғы жылдары тұтастай алғанда елімізде туризм саласының дамуының оң серпіні байқалады емес пе!? Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйене отырып елімізге келген туристерді орналастыру орындары қызметтерінің қаншалықты өзгеріп отырғанын байқаймыз. Біз келтірген кестеде негізгі көрсеткіштерінің үлесін байқауымызға да болады. Осы мәліметтерден талдау жасай келе экономиканың бір саласы болып табылатын туризм саласының соңғы кезеңдері оң баға беріп келеді деп айта аламыз.

 

1 кесте. Қазақстанға келген туристерді орналастыру орындары қызметтерінің негізгі көрсеткіштері (2011ж.=100)

 

 

2012

2013

2014

2015

Орналастыру орындарының саны

92,9

102,2

125,2

142,4

Орналастыру орындары қызмет көрсетілген келушілер, барлығы

106,3

116,2

133,8

133,8

   соның ішінде:

 

 

 

 

   резиденттер

110,9

120,3

138,4

137,8

   резидент еместер

88,9

100,3

116,2

118,5

Нөмірлер саны, бірлік

101,1

110,2

131,5

142,2

Біржолғы сыйымдылық, төсек- орын

102,6

113,6

134,7

146,0

Ұсынылған төсек-тәулік

106,7

101,4

101,8

99,0

Төсек-орынның толтырымдылығы, пайызбен

103,8

87,9

91,7

97,9

Орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемі %

111,8

124,8

151,8

152,8

 оның ішінде:

 

 

 

 

  қонақ үйлердің қызметтері

111,0

121,8

149,4

147,6

  демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

125,8

177,4

183,6

239,3

  туристік лагерлер, демалыс және ойын-сауық парктері

116,3

154,2

116,4

29,2

  тұрғын үйдің басқа түрлері

110,1

124,5

281,8

306,2

*Қазақстанның статистикалық жылнамалығы, 2015 жыл, авторлардың есептеуімен

 

Келтірілген 1-ші кестеде елімізге келген туристерді орналастыру орындары мен қызметтерінің негізгі көрсеткіштері берілген. Жалпы қарағанда кестеде көрсеткен мәліметтерге оң баға беруге болады. Онда орналастыру орындарының саны 2015 жылы 42,5% өскен, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 49 тармаққа көтерілгенін байқаймыз. Орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемі бойынша айтатын болсақ, 2015 жылды 2012 жылдардағы көрсеткіштермен салыстырсақ 41 тармаққа өскенін көрсетіп тұр. Іс-жүзінде барлық көрсеткіштер деңгейі бойынша қарастырған жылдарда экономикамыздың қарқынды дамуына туризмнің қосқан үлесі байқалады. Бұл ел экономикасын дамытуды одан әрі инвестициялауға жол ашатын қолайлы кезең болды.

Еліміздегі қазіргі туризм жұмысшы халықтың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болып келеді, сол уақытта адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

 

Сурет 1. Орналастыру орындарымен кызмет көрсетілген келушілер (резидент еместер)

 

2015 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда орналастыру орындарымен кызмет көрсетілген келушілер саны өте көп болмасада 39% өскенін байқаймыз.

2 кесте. Қазақстанға келу және шығу туризмі бойынша келушілер саны (2011=100)

 

 

2012

2013

2014

2015

Келу туризмі бойынша келушілер саны

108,4

120,3

111,4

113,1

Шығу туризмі бойынша келушілер саны

113,0

126,5

130,3

140,9

*Қазақстанның статистикалық жылнамалығы, 2015 жыл (авторлардың есептеуімен)

 

Айта кету керек, 2-ші кестеде келтірілген нәтижелер бойынша Қазақстанға келу және шығу туризмі бойынша келушілер үлесі жоғары қарқынмен дамып келеді. Мәселен, орта есеппен 2015 жылы елімізде бұл көрсеткіш келу туризмі бойынша келушілер саны 13,1% құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 5 пайыздық тармаққа өсті. Ал шығу туризмі бойынша келушілер саны үлесі бойынша бұл көрсеткіш 27,9 пайыздық тармаққа өскенін байқаймыз. Кесте бойынша соңғы жылдары елімізге сырттан келетіндер санының төмендеуін құрайтындардың бірі туризм индустриясы объектілерінің моральдық тозуына және инфрақұрылымның жоқтығына байланысты тартымдылығы аз болып келеді

Сапасы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін орналастыру орындары санының аз болуы сырттан келетін туристерге қызметтер көрсетудің толық спектрін ұсыну мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алмауға және бұл экономикалық қайтарымның төмендігіне әкеп соқтырады.

Қазіргі таңда туризм саласын ұлттық экономикадан бөлек жеке дамиды деп қарауымызға болмайды. Туризм ол экономиканың барлық салаларын бір-бірімен байланыстырады. Транспортты, ауылшаруашылығын, бір жағынан құрылысты, сонымен қатар туризмге қажетті құралдарды және өндірістің техникалық жағдайын ұсынады, былайша айтқанда туризмнің техникалық-материалдық жағдайын қалыптастырады, екінші жағынан өндірілген туристік өнімдерді тұтынушыға жеткізеді.

Түрлі салалардың бір-бірімен қатынаста болуының нәтижесінде көпсалалы функционалды туристік кешен пайда болады, өзі өндірген туристік өнімдер мен экономика салаларының өндірген туристік өнімдері, тауарлары, қызметі және сатуды бірлесіп атқарады.

Сондықтан еліміздің ұлттық экономикасы тікелей немесе жанама түрде туристік кешеннің қызмет атқаруына қатысады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2014 жыл.
  2. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  3. Қазақстан 2015 жылы / Cтатистикалық жылнамалығы

group-global.org

shu - Экономика саласы

Экономика саласы бойынша тіркелген  шаруашылық  субъектілерінің саны

 

       Cала аттары

жалпы саны

оның ішінде орташа

және шағын

2009ж

2010ж

%

2009ж

2010ж

%

2009 ж

2010ж

%

Барлығы

231

231

100,0

3

4

133,3

228

227

99,6

Оның ішінде өнеркәсіп

23

27

117,4

2

3

150,0

21

24

114,3

-"- ауыл шаруашылығы

58

51

87,9

 

 

 

58

51

87,9

-"- құрылыс

30

41

136,7

 

-

 

30

43

143,3

-"- сауда және қоғамдық

тамақтандыру

72

58

80,6

 

 

 

72

58

80,6

-"- басқалары

48

52

 108,3

1

1

100,0

47

51

108,5

Сонымен қатар құрылған шаруа қожалықтарының  саны

2606

2615

100,3

 

 

 

2606

2615

100,3

 

shu.ucoz.kz


Смотрите также