Ойындар арқылы шетел тілін оқытуды ынталандыру. Экономика ойындар


Экономикалық зияткерлік ойыны — Тәрбие.kz

Тақырыбы: Экономикалық зияткерлік ойыны.

Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Ойын барысы 5 адамнан тұратын 3 топ қатысады.

  • айналым. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ұпайлар қорын жинайды.
  • айналым. Экономика- қазақ мақалдарына
  • айналым. Эконономикалық майталмандар.
  • айналым. Қазыналы рыноктаға терминдер.

Техникалық құрал: компьютер, проэктор, жылжымалы экран.

Бағдарламалық жабдық: POWERPOINT- жасалған слайдтар, бағалау парағы.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Экономикалық зияткерлік» атты ойынға қош келдіңіздер!               Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.( Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).

Эксперттер мына шкала бойынша бағалайды.

         I         II      III      IV

Алдараңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Әр топ, топ басшысын сайлайды. Әр топқа кезекпен сұрақ беріледі.

«Адам байлығының ішіндені ең тамашасы- білім»- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р- Райхан әл  Бируни. Ендеше,   білім байлығымызды көрсетейік.

Әр топқа кезекпен  сұрақ беріледі, сұраққа 1 мин ішінде жауап беру, жауап бере алмаса қарсы топ айтып өздеріне қосымша ұпай жинайды.

 

І.  Білім аукционы

  1. Тауар құнының ақшалай көрінісі (Ақша)
  2. Елдегі жалпы бағаның өсуі (инфляция)
  3. Акционерлік қоғам пайдасына төленетін төлем (дивидентер)
  4. Бірдей өнімді өндірушілер арасында, оны көбірек сатып алушыларға сату мүмкіндігі үшін жүретін жарыс (бәсеке)
  5. Мына сөздерге назар аударыңдар: шығын, станок, кіріс, жұмыскерлер, ақша, шикізат, табыс, тауарлар. Ақшадан бастап осы сөздерді экономикалық жағдайға сәйкестендір.

 

Жауабы.

Ақша-жұмыскер-шикізат-станок-тауарлар-табыс-шығын-кіріс.

  1. Келесі топқа: жұмыскер, кеден, табыс, салық, дивиденд, процент, кіріс, кәсіпкер, мемлекет, акционер, өзара байланысы бар сөзді тап.

Жұмыскер-табыс, кәсіпкер-кіріс, акционер-дивиденд, банкир-процент, мемлекет-салық.

  1. Сендерге шашыраңқы сөздер берілген, оны бастапқы экономикалық байланысы бар сөз құрастыр: циклдік, тауар, аралас, балама, борыш, жұмыссыздық, экономика, белгісі, мемлекетік, құн. ( Циклдік жұмыссыздық, тауар белгісі, мемлекеттік борыш, аралас экономика, балама құн)
  2. Абсолютті, балансы, әлемдік, дербес, экономика, басымдылық, төлем, рынок, иелік, дәстүрлі.

( Абсолютті басымдылық, төлем балансы, әлемдік рынок, дербес иелік, дәстүрлі экономика)

Осымен І айналым аяқталды. Қорытындысын эксперт тобынан сұраймыз.

« Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, алғыр сөз» – адамның ең жоғары қасиеті » — деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп ұпайы бар топтан бастаймыз.

ІІ – айналым. Экономика – қазақ мақалдарында.

 

  1. Жылай-жылай ……..   қазған,

Күле-күле   ………   ішер. ( арық, су )

 

 

  1. Арық қазған ……   ішер,

Араздасқан  ……  ішер.  (су, у )

 

 

  1. Аузың айтқанды …….. істе (қолмен)

 

  1. Еңбексіз ……… сөнген көмір. (өмір)

 

  1. Түйменің …….. күні жоқ. (инесіз)

 

  1. Күшіне сенбе, …….. сен. (ісіңе)

ІІ – айналым Қорытындысын эксперт тобынан сұраймыз.

Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі айналымға көшейік.в

ІІІ – айналым. Экономикадағы майталмандар.

  1. Экономикадағы ең көрнекті кәсіпкердің бірі:    а) Адам Смит;  ә) Абрахам Маслоу; б) Мейнард Кейнс; в) Акио Морито ( В )
  2. Экономикалық жаңалықтары үшін ……..  «экономика әкесі» деп атаған:  А) Мейнард Кейнс;  Ә) Адам Смит;  Б) Вильям Вонг;         В) Бреди Лендон (ә)

3)Жарнамаға қалай дұрыс қарау керек кітаптың авторы:

А) Мейнард Кейнс Ә) Адам Смит  Б) Вильям Вонг В) Карл Хеес (В)

4) Социология облысының маманы (адамның барлық қажеттіліктерін зерттейтін):

А) Абрахам Маслоу Ә) Адам Смит Б)Мейнард Кейнс В) Акио Морито (Ә) әр топ өз жауаптарын қағазға түсіреді.

 

Эксперт топтары бағалап бітсе , қорытындысын айтуын сұраймыз. Енді біз ең соңғы айналымға көшеміз.

IV-айналым. Қазыналы рыноктағы терминдер. Тапсырманы әр топтың тез құру әрекетімен есептеледі.

1 К А Ц Я И
2 Н В А С А
3 Р Б Ж А И
4 Е Д Т Е Б
5 И Е Р Д Л
6 О К Н П У

Акция, аванс, биржа, дебет, дилер, купон.

 

Эксперт тобынан IV-ай налым қорытындысымен жалпы ойын қорытындысын сұраймыз. Елбасы Н. Ә Назаврбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзді әрқашан да жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімізбен биіктерден көріне берейік.

Елбасы Н. Ә Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қ.Р. «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы бәрімізге мәлім.

 

www.tarbie.kz

Ойындар арқылы шетел тілін оқытуды ынталандыру

Қазақстан — бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым- қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз — оқушылардың пəнге деген қызығушылығын ояту. Бұл мақаланың мақсаттары: тіл үйретуде ойындардың маңызы, тіл мамандарының ойын қолданысы туралы ой- пікірлерін салыстыру, мысалдар арқылы ойындардың тиімділігін анықтау.

Қазіргі кездегі мектептердің басты мақсаты балаларға заманға сай білім беруді ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады. Яғни мұғалім оқушыға білім беру барысында оның кəсіби мəдениеті мəселені көру жəне оны шешу жолдарын таба білу, алдына қойған міндеттерді шығармашылықпен орындау қабілеттерін дамыту керек. Ол үшін білім беру процесі барысында ұстаздар қазіргі заманға сай педогогикалық технологиялар əдістер жəне оқу-əдістемелік кешендерді қолдана білу қажет. Əсіресе тілді үйрету барысында мұғалім оқыту процесін жетілдіру жəне дамыту мақсатында өзінің педагогикалық шеберлігін сабақ барысында қолданатын əдіс-тəсілдер, оқу- əдістемелік құралдар мен тағы да басқа білім беру процесінің элементтерін дамытып, балалардың шет тілін үйрену, білу деңгейін көтеруі тиіс.

Бүгін əрбір мектептің негізгі мақсаты — қоғамда қалыптасқан негізгі қажеттіліктерді жəне мемлекеттік бүгінгі заманға сай ұлттық тəрбиесі, жоғарғы кəсіби білімі бар, алдына қойылған мəселелерді шығармашылық пен əрі жанашылдықпен шеше білетін, жан-жақты білімі бар жəне шет тілдерін терең меңгерген ұрпақты қалыптастыру. Бұл орайда біздің қоғамымызда шет тілдерін үйрететін мұғалімдердің рөлі жоғары. Өйткені олардың міндеті оқушыға шет тілдері бойынша қазіргі заманға сай тіл білімдерінің негізін үйрету, шет тілінде еркін сөйлеп өз ойын білдіру қабілетін дамыту жəне тілін үйреніп жатқан елдің тарихын, мəдениетін қоса оқыту болып табылады. Əсіресе XXI ғасыр жаһандану жəне ел мəдениеттерінің интеграциялану жағдайында оқушыларға шет тілдері бойынша терең теориялық жəне практикалық негіздер қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан да біздің мақаламыздың негізгі ерекшелігі — шет тілдерін үйрету бойынша оқушылардың білімдерін жəне сабақ барысында үйрену тетіктерін түрлі интерактивті, ақпараттық, мультимедиалық жəне тағы да басқа озық технологиялар, əдістер, педагогикалық технологиялар кешендері бойынша зерттеу жүргізіп, оның ғылыми негіздемесін көрсету.

Шетел тілін оқыту қоғамдағы сол тілге деген мұқтаждыққа байланысты өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда орта мектепте шетел тілін оқыту төрт түрлі мақсатты дамытуды көздейді, олар: коммуникативті қарым-қатынас мақсаты, тəрбиелік, білімділік жəне жетілдіру мақсаты. Аталған мақсаттардың арасында коммуникативті қарым-қатынас мақсаты ең маңызды рөл атқарады, ал қалған мақсаттардың нəтижелері коммуникативті қарым-қатынас мақсатын орындау барысында жүзеге асады.

Орта мектептегі шетел тілін оқытудағы ең басты мақсат коммуникативті қарым-қатынас мақсаты болуы тиіс, өйткені орта мектеп түлегі пəн бағдарламасындағы белгіленген шетел тілі көлемін қатынас құралы ретінде меңгеріп, қолдана білуі тиіс. Яғни, сөз əрекетінің түрлерін: диалог жəне монолог түрінде сөйлеу, айтылған сөздерді түсініп тыңдау, жазылған мəтіндерді оқу жəне ондағы ақпаратты қабылдай алу іскерліктерін меңгеріп, қолдана білуі тиіс.

Орта мектепте шетел тілін оқыту жоғарыда айтылған практикалық мақсатпен қатар білімділік мақсатын да көздейді. Мəселен, шетел тілін оқытуда оқушылардың тілдік жəне сөздік білімін нығайтып, дамытумен қоса жалпы дүниетаным туралы ой-өрісін кеңейтеді. Шетел тілін үйрену барысында үйреніп отырған тілдің ел тарихымен, мəдени мұраларымен, əдебиетімен, көркем өнерімен, ғылымдағы жетістіктерімен танысады.

Қазіргі қоғамда болып жатқан терең əлеуметтік өзгерістер білім берудің дамуына жаңаша жағынан келуді, педагогикалық ғылымның əдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты өркениетті елдерде білім беруді ұйымдастыруда екінші жол пайда болды. Бұл əдістеме бойынша нақтылап айтатын «Не үшін оқытамыз?» деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл нəтижелерге жеке пəндер бойынша меңгерген білім, білік, дағды емес, өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мəселе «Оқушыны қалай үйрету керек?» деген сұрақпен байланысты. Мұғалім оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалын дайын күйінде ұсынбайды. Баланы өздігінен ізденіп, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, тəсіл т.б.) қаруландырады. Осындай негізде ұйымдастырылған оқу үдерісінің нəтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды игеріп шығады.

Шетел тілін меңгеру барысында көзделетін ең маңызды жайт — оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, алған білімін əр түрлі жағдайларда шығармашылық жəне тапқырлықпен қолдануға машықтандыру. Оқыту процесінің мақсаты — оқушылардың дүниетанымын кеңейте отырып, оқытылып жатқан тілдің білімін арттыру. Сол себепті анықтама əдебиеттер пайдалану, мəтін мазмұнын өз бетімен түсіну жəне қысқаша айтып беру, хабарлар дайындап, сол туралы өз пікірін айтып, баға беру секілді əрекеттерге дағдыландыру қажет.

Шетел тілі пəні оқушылардың білім көтеруге ұмтылуына, дүниеге деген көзқарасын, сана- сезімін, рухани жəне эстетикалық көзқарасын қалыптастыруына, жан-жақты дамуына əсер етеді. Шетел тілін оқу процесінде оқушылар ойын жинақтап, сөйлейтін сөзін жоспарлауға икемделеді, əрі сөз əдебін дұрыс қолдануға дағдыланады.

Шетел тілі тек мектепте оқыту ғана емес, шарттарды ескере отырып, оқушылардың мектептен кейін де шет тілін оқу жəне түсіну қабілеттерін қалыптастыруға мəн берілуі керек. Сол себепті шетел тілін оқытудағы практикалық мақсатты жүзеге асырудың ең маңызды шарты — оқыту əдіс тəсіліне, коммуникативті қарым-қатынастық бағдар берілуіне назар аударылады.

Коммуникативтік лингвистика саласында қазіргі ғылыми зерттеулер нəтижелері, шетел тілдерін оқытуда көптеген теориялық жəне практикалық мəселелерін, дəлірек айтсақ, оқытудың мазмұны туралы мəселені жаңа əдістер қолдана отырып, жаңа тұрғыдан шешу керектілігін көрсетуде. Бүгінгі күнде шетел тілінің атқаратын ролі ерекше маңызды. Адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауында, мəн мағынасы бар міндеттерді ойдағыдай шешу жəне түсінісуде жəрдемге келетін əдіс- тəсіл жəне құралдар секілді мəселелерді дамытуға арнайы көңіл бөлуде.

Оқытушы оқушыларға шетел тілін үйретпес бұрын келесі сұрақтарға жауап беруі қажет: Не үшін керек? Қандай мақсатта қолданамыз? Қандай пайдасы бар? Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін оқытушы оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру жолдарын қарастыруы керек. Сабақтың қызықты, əрі əсерлі өтілуі мұғалімге, яғни, сабақтың тартымды жəне қызықты түсіндірілуіне байланысы зор. Сабақ барысында көрнекілік жəне техникалық құралдарды ұтымды жəне дұрыс пайдалану жоғарыда айтылған міндетті ойдағыдай шешуге үлкен үлес қосады. Оқушылар шетел тілін оқып, үйренумен қатар сол елдің тарихымен, əдебиетімен, мəдениет жəне əдет-ғұрпымен танысады. Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл жəне түсіне меңгеруіне мүмкіндік туғызып, олардың қызығушылық пен ынтасын, тілге қызығушылығын арттыру жолдарының бірі — ойын.

Соңғы жылдары тіл білімінің ғалымдары жəне мамандары назарларын тіл үйретудегі жеке грамматикалық формаларды дамытуға емес, тілді белгілі бір мақсатқа жету үшін бір тұтас жүйе ретінде қолдануға жəне дамытуға бөледі. Коммуникативті біліктілік деп аталатын бұл жаңа салада оқушыларға, тілді қолданыс арқылы дамытатын, мақсатты тапсырмалар беріледі. Ойындар дəл осы мақсатқа жетудің бірден-бір жолы. Біріншіден, ойындар оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытады. Екіншіден, мұғалімнің бақылауымен тілді дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді жəне, үшіншіден, оқушылар ойын болғандықтан, ынталана қатысады.

Көптеген тəжірибелі кітап жəне əдістемелік құралдар жазушыларының дауласуы бойынша ойындар тек уақыт өткізерлік іс-шаралар емес, сонымен қатар үлкен тəлімдік маңызы бар. В.Р.Ли тілге қатысты, «ойындардың көбі үйренушілерге тілдің дұрыс формаларын үйрену орнына тілді қолданысқа енгізеді» деген пікірді ұстанады. Оның айтуынша, «ойындар шет тілдік үйрету бағдарламасының аясынан тыс қалмай, керісінше, маңызды орын алуы керек» [1]. Дəл осы ойды қолдаған Ричард Амато, «ойындар — көңіл көтерерлік іс-шара, алайда тілдің педагогикалық маңызына, əсіресе шет тілін үйретуде немқұрайлы қарап кетпеу керек. Ойындарды қолданудың көптеген пайдалары бар. Ойындар дегбірсізденудің алдын алады жəне үйренуді жеңілдетеді» [2; 43]. Олар ұялшақ оқушыны өзінің сезімдері мен ойларын жеткізуде жігерлендіреді, себебі ойындардың адамның көңілін көтеруде, рух беруде маңызы зор. Сонымен қатар олар үйренушілерге өзіне тəн сабақтарда əрқашан мүмкін бола бермейтін шет тілімен бірге жаңа белестерді алуға мүмкіндік береді. Ричард Аматоның сөзіне назар аударсақ, «ойындар сынып жаттығуларынан аутқиды, бірақ тосқауылды бұзып, жаңа ойды таныстыруда қолданылады» [2; 50]. Жай сөздермен айтқанда, ойындар арқылы қалыптасқан атмосферада, оқушылар оқығандарын тезірек əрі жақсырақ сақтайды. А.Эрсоз да осы ойды қуаттап, «Үйренушілердің тілді болашақ өмірлерінде қолданулары үшін ойын арқылы тілді жаттықтырады» [3] деген.

Ойындар жігер береді, көңілді көтереді, үйретеді жəне жетік меңгеруді дамытады. Бұл айтылғандардың біреуі де көңіл толтырмаса да, ойындар шет тіліндегі проблемаларды ғана емес, сондай-ақ тілдің керемет сұлулығын сезінуге көмектеседі.

Ойындарды талқылағанда көңілге ой тастарлық факторлар өте көп. Солардың бірі — үйлесімділік. Үйрену процесіне пайдалы ойын таңдағанда мұғалімдер асқан сақтық таныту керек. Ойындардың жақсы көрсеткіш беруі үшін, оқушының деңгейі, жасы жəне оқыту бағдарламасымен үйлесуі керек. Жас ерекшелігіне байланысты кейбір ойындар оқушымен сəйкеспейді. Əр түрлі жас буындары əр қалай тақырыптарды, материалдарды жəне ойындардың да əр түрлі тəсілдерін талап етеді. Мысалы, жас бүлдіршіндер қимыл-қозғалысты қажет ететін, еліктіретін, бір-бірімен сайысқа түсетін ойындардан көбірек үйренеді. Сонымен қатар тілдің белгілі грамматикалық жақтарын жаттықтыратын немесе нығайтатын құрылымдық ойындар оқушының қабілетімен біліміне байланыстырылуы керек. Егер тақырыптар үйлеспесе немесе оқушының тəжірибе шеңберінің сыртында болса, ойын, біріншіден, қиындайды, екіншіден, маңызын жоғалтады.

Ойын əсерінің келесі факторы — ойынның ұзақтығы. Көп ойындардың уақыты шектеулі, алайда оқушының деңгейіне жəне біліміне байланысты ойын ұзақтығын ұзарту немесе қысқарту ұстаздың еркінде.

Ойындар көбінесе көңіл сергітерлік қысқа жаттығулар ретінде немесе сабақ соңында азғантай бос уақыт қалған кезде ойналады. Əйтседе, Лидің пайымдауы бойынша, «ойын оқушы мен оқытушының сабақ уақытында істейтін ісі қалмаған кезде қолданылатын тыс жаттығу ретінде бағаланбауы керек. Ойындар шет тілдік үйретудің жүрегі болуы керек» [4; 52]. Риксон «Ұқыпты əрі үйлесімді таңдалған ойындар дəрістердің барлық деңгейінде қолданылуы керек» [4; 54] деп, кеңес береді. Сабақтың əр түрлі кезеңдерінде ойынға байланысты мұғалімнің мақсаттары түрленуі мүмкін.

Ойындар көңілді, əрі ұнамды бағытта оқығандарын еске түсіру арқылы үйренушінің қайталау жаттығуларында жақсы қызмет атқарады. Аты аталған барлық авторлардың пайымдауы бойынша, ойындардың көрсеткіші тек айғай-шу мен көңілді оқушылар болса да, оқушыны жігерлендіретіндіктен, сөйлеу мəдениетін дамытатындықтан жəне жетік меңгертетіндіктен, көңіл бөлуге тұрарлық жайт екеніне еш қарсылықтары жоқ.

Сөз ойындарының жиынтығы — шет тілін үйретуде ұстаздар үшін өте құнды қор. Ең алдымен, жиі кездесетін сөздіктер мен құрылымдарды қолдану арқылы тілдің өркендеуіне негізделе отырып, олар сынып дəрістерін нығайтады, қосымша емле ережесі мен сөйлеу мəдениетін дамытады. Сонымен қатар тыңдауға да жаттықтырады.

Ең нұсқаулы тіл үйретуде ойындар — арнайы құрылымдарды айрықша екпіндейтін ойындар. Олар тек үйреншікті өрнектерді жаттықтырып қана қоймай, сонымен қатар жеңіл əрі ұнамды бағытта, грамматиканың қиындықтарын ұмыттырып, көңіл көтеруге маңыз бөледі. Мəселен, маңызына қарай Иə/Жоқ сұрақ ойыны, Wh-сұрақтар ойыны, салыстырмалы жəне күшейтпелі шырайлар ойыны, үстеулер ойыны т.с.с. ойындарды айтуға болады.

Шет тілін үйренуде грамматиканы меңгеру ең маңызды мəселе. Сол себепті оқушының назары мен күш-жігерін грамматикаға бағыттау үшін барлық жолдарды қарастыру қажет. Сол жолдардың бірі — балаларды емін-еркін атмосферада жаттықтыратын ойындар. Жасөспірімдер сыныптан, тақырыптан, бағдарламадан тыс емін-еркін сезінуді ұнатады жəне білім беру процесінің объектісі емес субъектісі болуды қалайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ойын тудыратын қуат көзі үлкен мақсаттарға жеткізетін күш-жігерді қалыптастырады.

Мұндай ойындар оқу бағдарламасының нақты қай жерінде қолданылады? Грамматикалық ойындар үш түрлі бағытта қолданылады:

  1. Диагностикалық бағытта. Жаңа тақырып түсіндірместен сол тақырып бойынша оқушылардың білім дəрежесін анықтау үшін.
  2. Тақырып түсіндірілген соң, оқушылардың қаншалықты түсінгенін анықтау үшін.
  3. Грамматикалық тақырыптарды қайталау ретінде.

Грамматикалық ойындар немқұрайлы уақыт өткізу ретінде қаралмағаны жөн. Оқыту процесінде маңызы зор ойындар бастауыш дəрежеден жоғары дəрежеге қарай күрделеніп сараланған. Қысқасы, бұл белгілі бір ойынның грамматикалық мазмұнына жөн сілтейді. Бірақ, жоғарыда айтылып кеткендей, көптеген жаттығулар əр түрлі сыныптарға əр түрлі бейімделуі мүмкін. Грамматикалық мазмұнын өзгерту арқылы, оқытушы, əр түрлі жағдайда, қиындық дəрежесін түсіре немесе көтере отырып, ойын ережесін өзгерте алады. Негізінде, кез келген ереже қалаған құрылымға үйлесе алады. Ал оқушылар болса, ойын барысында грамматиканы түсіну үшін өзі жауапты болуы қажет. Өйткені ең маңызды жұмыс — ойын барысында тиянақты мазмұнын анықтау. Əрине, ойын басталып, тас тасталып, талас-тартыс жалғасып жатқанда оқушылар көбіне ойынды грамматикамен байланыстырмайды. Алайда «ойын» локомотиві грамматика пойызын өзімен бірге тартады. Ойынның уақыт шамасы 15–30 мин. Осы уақыттың ішінде барлық оқушылар белсенді қатысуы керек.

Шет тілін оқытуда ойындарды қолданудың басқа себептері төмендегідей:

  1. Оқушының назарын арнайы грамматикалық құрылымдарға аударады.
  2. Тілді жəне ойды нығайту, қайталау жəне байыту қызметтерін атқарады.
  3. Қабілеттері əр түрлі деңгейдегі оқушыларды қатыстырады.
  4. Үйренушілердің жасына жəне тілдік білім деңгейіне байланысты өзгертуге болады.
  5. Сыныпта қызықты тартысты атмосфера болуына ықпал етіп, тілді тиянақты, тапқыр, əрі емін- еркін қолдануды қалыптастырады.
  6. Кез келген тіл оқыту жағдайларында, дəлірек айтатын болсақ, оқу, жазу, сөйлеу жəне тыңдау бағыттарында қолданыла алады.
  7. Оқушының тақырыпты түсініп-түсінбегенін бірден анықтайды.
  8. Оқытушының көп еңбегін қажет етпей, бүкіл оқушылардың қатысуына кепіл болады.

Ойын оқытушының сабақ жоспарына жаттығулар жəне диалогтармен қатар алдын ала кіргізілуі қажет. Табан астында ойластырылған болмауы керек.

Ойындар тілге деген қызығушылықты оятатын маңызды жол. Қызықты жəне көңіл көтерерлік болғанымен, оқыту процесінің бір бөлігі. Сол себепті, оқушылардың бұған мұқият болуын талап ету керек. Сонымен қоса оқушылар ойын уақытының шегі бар екенін білгені жөн. Ойынды сабақтың соңғы 5 минутында бастаудың пайдасы жоқ. Ойынның бітуіне 5 минут қалғанда ескерту керек, себебі оқушылар соған қарай сөздерін аяқтайды.

Оқушылардың жасы өскен сайын, оқытушы ойналатын ойынды аса мұқият таңдау керек. Бүлдіршіндер қимыл, іс-əрекет ойындарын ұнатса, жоғары сынып оқушылары сөз жұмбақ, пазл, постер жарыстарын т.с.с. ойындарды ұнатады.

Жаңа технологиялармен жақын таныс заманауи оқушыларға сабақты қызықты етіп өткізу үшін заманауи тіл үйрету тəсілдері көп жұмысты қажет етеді. Жақын қарым-қатынас тек оқушылардың арасында ғана емес, оқушы мен оқытушының арасында да болуы керек. Бұл ересек оқушылар үшін өте маңызды, себебі олар көбіне мұғалімге сын тағуды ойлайды, яғни мұғалім қызықты əрі əдемі немесе мұғалім қорқынышты əрі қатал сияқты.

Оқытушының ақылға тоқу керек нəрсесі, оқушының қызығушылықтары істің, ойынның формасында, қалыбынды емес, мəнінде əрі мазмұнында.

Жоғарыда айтылған шет тілін үйрету тəсілдердің бəрі тек балалар үшін компетентті емес, сонымен қатар үлкен жастағы тіл үйренушілерге де арналған, өйткені заттарды тəжірибе арқылы үйрену адам табиғатында бар. Адамдар туған тілін есту, еліктеу, қайталау жəне өмірлік жағдайларда қолдану арқылы үйренеді. Дəл осы жол екінші тілді үйрену үшін де ең əсерлі жол. Сол себепті қазіргі тəжірибелі мамандар тіл мұғалімдеріне стандартты сөздік жазу, жаттығудан гөрі іс-əрекет, қимыл, ойындар арқылы үйретуге кеңес береді. Мамандардың айтуы бойынша, «ойын тəсілін қолдану арқылы үйретудің тамаша нəтижелерін бақылап жүріп, күндердің бір күнінде жаңа тілді қалайша жетік меңгергеніңе таңғаласың. Жəне де, өзіңнің жаңа идеяларыңмен тəсілдеріңді дамытып, оқушыларыңның оқу деңгейі жоғарлауына əсер бересің.»

Қорыта айтқанда, белгілі бір мақсатқа құрылған ойынның қашанда баланың жаңа сабақты терең меңгеруіне əсері күшті. Ойын баланы зерігуден, жалығудан құтқарады жəне сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Ли В.Р. Обучение языкам с помощью игр (Language teaching games and ). — Oxford: Oxford University Press, 1979. — С. 31.
  2. Ричард Амато. Игры в обучении языку (Games for Language Learning). — Cambridge: Cambridge University Press,
  3. Айдан Эрсоз. Обучение иностранному языку с помощью игровых моментов (ELT through games) // The Internet TESL — June 2000. — Vol. VI. — № 6. — С. 34.
  4. Риксон С. Как использовать игры в обучении языку (How to use games in language teaching). — London: Macmillan Pub- lishers Ltd, 1981.

 

Автордың аты-жөні, тегі: Өтемісов Е.Е.

articlekz.com

Экономика пәні бойынша жеке баламен жұмысты ұйымдастыру

Экономика пәні бойынша жеке баламен жұмысты ұйымдастыру Долаева Гүлбаршын ҚапышқызыЭкономика пәнінің мұғаліміДарынды балаларға арналған үш тілдеоқытатын М.Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі Алматы облысы Талдықорған қаласы

Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдайдың қарқынды дамуы, әсіресе, нарықтық қатынастардың дамуы оқушылардың экономикаға саналы түрде қатысуын, экономикалық және қоғамдық әрекеттерге дайын болуын, экономикалық ойлауы мен мәдениетінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушы құзырлығын дамытуда сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіш дәрежесін де арттыруды мақсат еттім. Ол үшін оқушы экономикалық информация негізін бөле білу, салыстыра білу, орынды сұрақтар қоя білу, проблеманы көре білу, фактілерді, субьективті көзқарастарды айыра білу, пікірдің обьективті емес жақтарын айқындай білу, қорытынды жасау, альтернативті шешім қабылдай білу, өз шешімін тәжірибе жүзінде тексере білу, өз ойын, логикаға негізделген көзқарасын әлеуметтік - экономикалық контекстте көрсете білу дағдыларын меңгеруі қажет. Сонда ғана экономикалық дайындық жүйелі білім арқылы оқушының тұтас өмірге көзқарасын қалыптастырудағы, алған теориялық білімін өмірде қолдана білудегі мақсатына жетеді деп ойлаймын. Экономикалық білім беру - тек қана белгілі бір экономикалық теория көлемін қабылдатып, бекіттіру емес, ол адамның тәртібін, түсінігін, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру процесі , оқушыны өзін-өзі қорғауға үйрету, нарықтық жағдайларға бейімдей отырып, жеке тұлғаның шығармашылығы мен белсенділігін арттыру, өз күшіне сенімді, проблемадан қорықпайтын, оны шешуге әрекет жасайтын тұлғаны қалыптастыру.Оқушылардың өзін-өзі дамыту, өз білімін, іскерлігін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастырып, басқару, жеке тұлғалық қасиеттерін, мүмкіндіктерін пайдаланып, өзін жүзеге асыру құзырлығын қалыптастыру үшін олимпиадаға дайындау жүйесінің мәні зор. Олимпиадаға қатысатын оқушылар 7-сыныптан соң оқушының қызығушылығы мен қабілетіне қарай іріктеліп алынады.Олимпиада бағдарламасы 7-9 сыныптарға және 10-11 сыныптарға арналып құрастырылған. Бағдарлама микроэкономика және макроэкономика курсының толық теориясын, есептерді, тестерді, диктанттарды, тапсырмаларды, сөздіктерді қамтиды. Арнайы жазғы мектеп бағдарламасы дайындалып, соған сай жеке баламен жұмыс жүргізіледі. Дайындық соңында олимпиадаға қатысатын әр оқушы төмендегі іс- әрекетті меңгеріп шығады:А) Өз ойын, экономикалық көзқарасын, заңдылықтарды саналы да, сауатты түрде жеткізе білу, бағдарламаға сай теорияны толық білуБ) Экономикалық терминдердің мағынасын білу, сауатты жазу (ағылшын, орыс тілдері)В) Экономиканы модельдеудегі графиктерді, формулаларды, функцияларды, сызбанұсқа, диаграммаларды қолдануГ) Қоғам дамуымен, экономикалық мәліметтерді байланыстыру Д) Компьютерлік, іскерлік ойындарды республикалық деңгейде ойнауЕ) Бизнес-әдеп тақырыбына эссе жаза білуОқушылар білімін бағалау түрлеріА) Деңгейлік тапсырмалар, экономикалық есептерБ) Экономикалық диктантВ) Экономикалық тесттер, графиктік интерпретацияларГ) Экономикалық информацияД) ПрезентацияларЕ) Жоба қорғауЖ) Эсселер жазуЗ) Іскерлік ойындар жарысыОлимпиадаға дайындық негізгі талаптармен қоса оқушы қызығушылығы мен сұранысына негізделіп жүргізіледі. Ол үшін әр оқушыға білім алу іс-әрекетінің жеке бағдарламасымен қатар өзіндік даму маршруттық траекториясы ұсынылады. Жеке жоспармен жұмыс жасаған оқушының нәтижеге жетуге деген қызығушылығы, зерттеушілік-шығармашылық белсенділігі артады, ынталана отырып, жұмысының әр кезеңіне нақты мақсат қояды, жоспарлайды, өз ісін бақылап, талдап, бағалауға мүмкіндігі болады. Жеке балаға бағытталған олимпиадалық бағдарлама бойынша мұғалім де оқушыны жеңілден күрделіге жетелейді, қызық та қиын тапсырмалары бар әдебиеттерді ұсынады, әр тақырып бойынша рефлексия жүргізеді, коррекция жасап отырады, жаңа міндеттерді анықтайды.Экономика пәні бойынша олимпиадаға дайындық мақсатында құрылған жеке балаға арналған білім бағдарламасын әр оқушыға ұсынамын. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысын ескеру үшін алдын-ала төмендегідей шағын зерттеу жұмысы жүргізіледі:А) Бағдарлама бойынша қызығушылық танытатын тақырыптарды анықтап, өз сұрақтарымен толықтыруына боладыӘ) Осы тақырыпты қарастырудағы ең маңызды деген мақсатын анықтауОқу нәтижесін жоғарылату – 10%, рейтингті арттыру- 30%, қажет сұрақтарға жауап табу-80%, өз ісіммен айналысуға негіз іздеу-40%, проблема тауып, оны шешу-100%, мәліметтермен танысып, жинақтау-100%, жоба қорғау-50%, өз позициямды анықтау-40%, таңдаған мамандығыма қажет білім алу-100%, олимпиада тапсырмаларын жылдам, нәтижелі орындау-100%, республикалық олимпиададан жүлделі орын алу-100%.Б) Қойылған мақсатты жүзеге асыру жолдарыТеориялық материалды меңгеру, тәжірибе жүзінде іске асыру, тапсырмаларды орындау әдістерін үйрену, есептер шығару, тест орындау, диктант жазу, жоба жасау, қорғау, мәліметтерді жүйелеу, презентация ұйымдастыру, жарнама көрсету, бизнес-жоспар құру,есеп беру үлгісін меңгеру,эссе жазып үйрену, құжаттарды сауатты толтыру, компьютерлік ойынды меңгеру.В) Жоспарды жүзеге асырудың мүмкіндіктеріОқулықтар, есеп кітаптары, ғылыми журналдар, электронды оқулықтар, интернет желісі, экономикалық сөздіктер, компьютерлік бағдарламалар.Г) Әр оқушы рейтингінің нәтижесіне анализ жасап отырадыМысалы, олимпиадаға қатысушылардың меңгерген тақырыптары бойынша білімі бағаланып отырады dle

ustazbol.kz

"?лтты? ойындар" - физкультура, уроки

ОТАНЫМЫЗ – БІР, ОЙЫНЫМЫЗ – МЫҢ БІР!

Көктем келді, күн жылынды. Енді далада асыр салып ойнауға болады! Осы тұста бір сауал қояйын. Ауылдарыңда көптеген ұлттың өкілдері тұратын шығар? Сонда бәрің бас қосып, қандай ойын ойнайсыңдар? Қай ұлттың ойындарын білесіңдер?

Сендер еске түсіргенше, біз өздеріңді елімізді мекен ететін әртүрлі ұлттардың ойындарымен таныстыра отырайық. Мәселен, орыс достарыңның аулада « – Гу-си, гу-си! – Га-га-га! – Есть хоти-те? – Да! Да! Да!» деп тақылдап жүргенін естіген шығарсыңдар? Ал қырғыз балалары қандай ойын ойнайды? Біле білсеңдер, қазақ пен қырғыз халқының тілі де, салт-дәстүрі де өте ұқсас. Бұл ұқсастық балалар ойындарында да бар. Мәселен, «орамал тастамақты» қырғыз балалары «жоолух таштамай» деп атайды. «Жамбы ату» да – екі халыққа ортақ ойын түрі. Қырғыз халқында қазақтар тәрізді төрт түлік малға қатысты ойын түрлері көп-ақ. «Тоқты сұрамақ», «қойыма қасқыр шапты», «түйе мен бота» деген ойындар – соның көрінісі. Елімізде сан жағынан алдыңғы орындағы ұлттың бірі – татарлар. Татар балалары «сары бөрі», «орын тап», «түлкі мен тауықтар», «тап та, қуып жет» деген ойындар ойнайды. Украин халқының ойындары: «биік емен», «мак», «хлибчик»… Беларусь халқының ойын түрлері: «михасик», «кірпілер мен тышқандар», «Иванка»… Түріктің балалары «бес тас», «тоғыз тас», «асық», «жеті керемет» сынды ойындар ойнап өседі. Байқасаңдар, түріктердің де көп ойыны қазақтармен ұқсас келеді. «Ақ терек, көк терек! Бізден сізге кім керек?» деп ойнауға әуессіңдер, солай емес пе? Бұл ойынды өзбек халқы өздерінің ұлттық ойыны санайды. Біздің елімізде ең үлкен диаспораның бірі – корей ұлты. Бізден алыста тұратын кәріс елінің балалары «кону», «ют нори», «чжегичхаги», «ён налиги» атаулы ойындарын жақсы көреді екен.

Мінеки, балалардың сан түрлі ойындарын осылай тізе беруге болады. Мүмкін, солардың біразын үйреніп аларсыңдар? Бірге ойнайық! Ал, кеттік!

ТҮЙЕ МЕН БОТА (ТОО ЖАНА БОТО)

Бұл – қырғыз балаларының ойыны. Ойыншылар арасынан түйе мен бота таңдалады. Қалған ойыншылар өзара қол ұстасып, дөңгелек шеңбер құрады. Бота шеңбер ішінде тұрады. Ал түйе шеңбер сыртында жүріп, аяғымен жер соғып, ботасын іздейді. Шеңбер ішіндегі ботасын көріп: «Ботам, ботам, үйге тез қайт!» – дейді де, өзі ішке кіріп, ұстап алуға талпынады. Бота болса: «Барғым келмейді!» – деп, ұсталмауға тырысады. Егер түйе ботасын шеңберге кіріп, ұстап алса, басқа жұп таңдалады. Егер түйе ұзақ уақыт бойы ботаны ұстай алмаса, ойыншы балалар оған «Шөк, шөк!» деп айқайлайды. Ал түйе басында көнбей, аяғын жерге соғып, ботасын ұстауға талпына береді. Сонда балалар хормен «шөк, шөк» деп айқайлай береді. Түйе жеңілгенін мойындап отырған бетте, балалар оны айнала жүгіре бастайды. Түйе сонда қай баланы бірінші ұстаса, сол бала – түйе, екінші ұсталғаны бота болып, ойынды жалғастырады.

Ойын ережесі: түйе шеңберге тек балалар отырып үлгермеген кезде ғана кіріп, не шыға алады. Шеңберде тұрған балалар ботаға көмектесуі керек.

ТАП ТА, ҚУЫП ЖЕТ (ЧИТАНМЕ, БУЗМЕ)

Бұл – татар балаларының ойыны. Ойын-шылар орындыққа немесе шөп үстіне бір қатарға отырады. Жүргізуші бала олардың алдына жайғасады. Оның көзі байлаулы болады. Ойыншылардың бірі жүргізушіге келіп, иығына қолын қойып, оны атымен атайды. Жүргізуші оның кім екенін табуы тиіс. Егер ол тапса, онда тезірек көзіндегі орамалды шешіп, әлгі баланы қуып жетуі керек. Егер жүргізуші ойыншыны дұрыс таппаса, онда басқа ойыншы келеді. Есімін дұрыс тапса, ойыншы оның жүгіруі керектігін қандай да белгі (мәселен, иығынан нұқу) арқылы білдіреді.

Ойын ережесі: Жүргізуші ойыншыны қуып жетпесе, ойынды келесі баламен қайталап, жалғастыра береді. Қуып жетсе, ойыншылар қатарының соңына жайғасады. Ал ұсталған бала жүргізуші болады. Ойында реттілік қатаң сақталуы тиіс.

АҚ ДОП ЖӘНЕ ҚАРА ДОП (АГ ТОН ВЗ ГАРА ТОН)

Әзірбайжан халқының бұл ойыны үшін екі кішігірім доп керек. Киіз немесе жүннен жасалған. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір-бірден жүргізуші таңдалады. Бір жүргізушіге ақ допты, екіншісіне қара допты береді. Дыбыстық белгі берілгенде, әр жүргізуші өз доптарын мейлінше алысқа лақтыруға тырысады. Екінші рет дыбыстық белгі берілгенде, әр топтан бір ойыншы өз добына қарай жүгіреді. Қай ойыншы бірінші болып өз жүргізушісіне допты әкелсе, сол топ ұпай алады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Ойын ережесі: Допты лақтыру және жүгіру тек белгі берілген соң ғана рұқсат етіледі. Допты барынша алысқа лақтыру керек.

ЧЖЕГИЧХАГИ

Кәріс балаларының ең сүйікті ойындарының бірі – чжегичхаги. Бұл қазақтың ләңгісіне ұқсайды. Тіпті, ойын ережесі де сондай. Тек, кәріс балаларының негізгі құралы – чжеги деп аталатын дөңгелек пішінді (ләңгіге ұқсас) нәрсе. Оны ойыншы алдын ала ойласып алған шартқа сәйкес не бір аяғымен, не екі аяғымен түсірмей, қағып ойнауы тиіс. Ең көп жерге түсірмей ойнай білген ойыншы жеңімпаз болмақ. Кәріс «ләңгісінің» ерекшелігі сол, оны топ болып та ойнайды. Бұл жерде ереже біраз өзгереді. Ойыншылар дөңгелене тұрып, бір-біріне чжегиді аяқпен лақтырады. Кім қағып ала алмаса немесе ойыншыларға дұрыс лақтыра білмесе, ойыннан шығып отырады. Қарсыластар сондай-ақ джегиді бір-бірінен қағып алуға да хақылы. Бұл ойынды кәрістер ертеде Қытайдан келген деп есептейді екен.

Кәріс балалары аспанға батпырауық ұшыруды да ерекше жақсы көреді. Жаңа жылдың алғашқы жартысында немесе желтоқсанның аяғында «ён налиги» деп аталатын дәстүрлі ойын өткізеді. Батпырауыққа эк (зұлымдық)иероглифін салып, оны аспанға биік ұшыруға тырысады. Сол арқылы зұлымдық біржола қайтып келмесін деп тілейді. Осындай батпырауық ұшыру мерекелерінде кәріс балалары «ён саум» дейтін ойын жарысын ұйымдастыруға құмар. Бұл ойынның мәнісі – қарсыласының «зұлым» батпырауығын соғып, өзінікін барынша биікке ұшыру.

Беларусь ұлттық ойындары.

Пасадка бульбы

Создаются две команды по пять человек. Игрок, стоящий первым,— капитан, он держит в руках мешочек с пятью картофелинами (камешками). На расстоянии двадцати — тридцати шагов от каждой колонны начерчены пять кружков. По сигналу капитаны бегут к кружочкам и сажают картошку по одной в каждый — кружок, затем возвращаются и передают мешочек следующему игроку, который, взяв мешочек, бежит собирать картошку и т. д.

 Правила игры. Капитаны стартуют по сигналу. Игроки не выходят за линию без мешочка. Если картошка упала, ее следует поднять и затем бежать. Подбегать к команде надо с левой стороны.

Млын

Все играющие становятся в круг на расстоянии не менее 2 м друг от друга. Один из играющих получает мяч и передает его другому, тот третьему и т. д. по кругу. Постепенно скорость передачи возрастает. Каждый игрок старается поймать мяч.

 Правила игры. Игрок, который упустил мяч или бросил его неправильно, выбывает из игры. Побеждает тот, кто остается в игре последним.

Лянок

На земле рисуют кружки — гнезда, которых на два-три меньше, чем игроков. Все становятся в круг, берутся за руки. Ведущий в кругу делает разные движения, все повторяют их. По команде «Сажай лен» игроки занимают гнезда, а кто не займет гнездо, считается «посаженным»: его сажают в гнездо до конца игры.

Правила игры. Побеждает тот, кто займет последнее свободное гнездо.

Паляўнічы і качкі

Играющие делятся на две команды с одинаковым количеством участников. Одна команда — качки (утки), другая — охотники. Охотники образуют внешний большой круг и очерчивают его. Утки очерчивают внутренний малый круг на расстоянии 2,5—3 м от круга охотников. По сигналу охотники стреляют в уток — стараются попасть в них мячом. Когда все утки пойманы, команды меняются.

 Правила игры. Охотникам и уткам нельзя выходить из очерченных кругов. Осаленный мячом выходит из игры. Если играют несколько команд, выигрывает та команда, которая быстрее переловит уток.

Зацеп - упражнение в перетягивании. Противники садятся за стол друг против друга и, зацепившись средними фалангами согнутых пальцев (чаще указательных), тянут каждый к себе. Разрешается свободной рукой упираться в стол. Победителем считается тот, кто разогнет палец противника.

Потяг - групповая игра с перетягиванием. Две группы играющих, сцепившись согнутыми в локтях руками, образуют две цепи "Заводные", стоящие во главе цепей, захватывают друг друга таким же образом. Затем каждая цепь тянет в свою сторону, стараясь разорвать цепь противника или затянуть ее за обусловленную линию.

Өзбек ұлттық ойындары

Шайтан-шайтан (черт-черт) - подвижная игра детей старшего возраста. Каждый из играющих роет в земле ямку (лунку). Одна из лунок делается шире др. и наз. "шайтан" (черт). Затем выбирают, кому стоять над шайтаном. Избранный объявляется вожаком и наблюдает за правилами игры. Потом играющие по очереди катят мяч по лункам. Если мяч закатится в чью- нибудь лунку, то бросавший мяч садится верхом на хозяина лунки и катается на нем. Затем мяч закатывают уже не по очереди, а этим правом пользуется только "конь", к-рый старается закатить мяч в чужую лунку, чтобы избавиться от седока и самому превратиться в него. На вожака не садятся, но когда мяч попадет в шайтан, то вожак быстро вынимает его и пятнает кого-нибудь из играющих, к-рые убегают от него. Запятнанный становится конем, и вожак сажает на него кого пожелает или садится сам.

Чилик - подвижная игра, аналогичная русской игре "чижик". Очень распространена среди узбекских детей и юношей 7 - 15 лет. На земле роется небольшая ямка, на к-рую кладут палочку ("каруш агач"). Один из играющих палкой делает удар по палочке и, когда та взлетает, еще раз сильно ударяет по ней. После этого ударивший кладет свою палку на выемку в земле, а др. юноша бежит к каруш агачу и бросает его в палку, лежащую на выемке. Если он не попадает, то ему назначается штраф ("опай"). Штраф заключается в том, что каруш агач забрасывается на далекое расстояние и прош трафившийся должен бежать от места падения палочки до выемки, не переводя дыхания, и кричать "а-а-а". Эта игра проводится почти во всех районах Узбекистана.

Оксок карга (хромая ворона) - подвижная игра типа эстафеты. Две команды с равным колич. играющих выстраиваются друг против друга. По очереди каждый из играющих завязывает себе ногу (правую или левую) так, чтобы платок охватывал голень и бедро одной ноги. Затем подается команда "марш", и игроки обеих команд на одной ноге скачут до противоположной команды, а потом, развязав платок на ноге, бегут обратно к своей партии. Затем платок передается др. игроку, и так продолжается до последнего играющего, к-рый бежит к руководителю игры и передает ему платок. Выигрывает команда, первой передавшая платок руководителю игры.

Орыстың ұлттық ойыны. Веревочка

Играющие становятся в круг вокруг веревочки. Водящий перемещается внутри круга, стремясь осалить чью-то ладонь, пока она касается веревочки. Спасаясь, стоящие могут отдергивать эту ладонь от веревочки или двигать ею вдоль веревки. Осаленный сменяет водящего.

Волчки, вертушки, юлы

Запустить на ракетке на длительность; запустить и перекинуть на другую сторону. Дуга Необходимо пролезть под дугой, стоящей на земле, так, чтобы не упасть самому и не уронить дугу. Закрутиха

Играют двое. Один играющий ударами по мячу закручивает на шест веревку в одну сторону, а другой старается закрутить в другую – пока вся веревка не намоталась, в чью сторону больше витков, тот и победил. Можно играть на время. Котел Водящий гонит клюшкой шар, стараясь закатить его в котел (ямка, находящаяся в середине круга), или занять концом своей клюшки одну из лунок вокруг котла, хотя каждую охраняет игрок с клюшкой.

Кубарь

Кубарь раскручивается между ладонями, он получает вращательное движение, которое поддерживается обычно подхлестыванием кнутика.

Малечина

Поставив палочку на палец, ладонь, ногу или другую часть тела, стараются поддержать ее в равновесии, пока произносят слова: «Малечина-калечина, сколько часов до вечера? Раз, два, три… десять»

Дракон

Дракон – это мишень, кто быстрее накормит дракона 10 мячиками.

Свайка

Игра для юношей и мужчин. Металлический стержень длиной 12- 15 см , имеющей круглую или граненую головку, необходимо бросить так, чтобы воткнуть в центр лежащего на земле кольца.

Скакалка

Развивает координацию движений. Незамысловатая веревка помогает умельцам показывать хитроумные и самые неожиданные прыжки.

Ходули

Ходули бывают разной высоты: кто дальше пройдет

Репа

Игра у столба. Один из играющих держится за столб, остальные становятся за ним в цепочку и пытаются отцепить его от столба.

Украин ұлттық ойыны

Перед началом игры выбирают колдуна. Для этого один из игроков вытягивает перед собой правую руку ладонью вниз, остальные подставляют под нее по одному указательному пальцу. По команде «Раз, два, три!» или по окончании считалки все отдергивают пальцы, а игроку с вытянутой рукой необходимо захватить чей-нибудь палец. Тот, чей палец таким образом будет захвачен трижды, становится колдуном. Все разбегаются, а колдун пытается догнать кого-нибудь и дотронуться рукой. Пойманный замирает, разведя руки в стороны. Расколдовать его могут другие игроки, дотронувшись до него рукой. Однако колдун следит за своей жертвой, и только кто-либо снимает чары, то он старается повторным ударом снова напустить их. Кроме того, он пытается заколдовать и тех, кто отваживается выручить товарища.

Правила игры. Заколдованный игрок остается на месте. Заколдованный трижды сам становится колдуном, а его предшественник присоединяется к убегающим.

kopilkaurokov.ru

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар.

Сабақтың мақсаты:

1 Қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, оқушылардың тілдік қорын кеңейтіп, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді, дұрыс айта білу, сауатты жазуға үйрету.

2 Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, есте сақтау қасиеттерін дамыту. Жазба жұмыстары арқылы оқушылардың тыңдау,

сөйлеу дағдыларын дамыту.

3 Халық дәстүрін сыйлау, оларға қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тірек-сызбалар, флипчаттар, асықтар, слайдтар, маркерлер, стикерлер, бейнеклип

Пәнаралық байланыс:

Тарих,әдебиет,дене шынықтыру

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тіл дамыту

- Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Біз Қазақстанда тұрамыз.

- Қазақстан қандай ел?

- Егеменді, тәуелсіз ел.

- Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

- Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

3 «Сандықтың ішінде не?» ойыны.

Оқушылар сандықтан заттарды алады. Бұл не?

- Бұл асық.

- Асық неге керек?

- Ойнауға.

- Қазақтың ұлттық ойындары немен байланысты болды?

- Төрт түлік малмен.

- Олар ойынға мал сүйегін пайдаланды (асық, тобық)

- Дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ұлттык ойындар.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

4 Фонетикалық жұмыс.

- Талапай-ау, талапай,

Табылды ойын, алақай!

Бүк асықпен – бүкті,

Шік асықпен – шікті

Тәйкеменен - тәйкені

Алшыменен – алшыны

Бір – біріне атамыз!

Қызығына батамыз!

Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтамыз. Алақай – қ, бүк – ү, тәйке - ә, бүкті – і, қызығы – ғ

Осы дыбыстармен сөздер құраңдар

қ ү ә і ғ

қызыл күн әже ілгіш ғалым

Қазақстан үй әріп кілем аға

қазақ үшінші дәрігер іні Ғалия

5 Жаңа сабақ

Сынып үш топқа бөлінген. Кім қандай жыл мезгілін ұнатады?

1 топ Көктем

2 топ Жаз

3 топ Қыс

6 Мәтіндермен жұмыс.

1 топ «Қыз қуу» «Инсерт» стратегиясы

Мәтіндермен жұмыс жүргізгенде қазақтың күйлері орындалып тұрады.

Сөздік жұмыс

Қыз қуу- догони девушку

Қызық – интересная

Жігіт – парень

Қуады – догоняет

Жету керек – должен догнать

Сүйеді – целует

Қамшымен соғады – бьет плетью

Белгілі қашықтық – определенное расстояние

Мұғалім мәтінді оқиды.

Қыз қуу

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы-қыз қуу.Қыз бен жігіт атқа мініп, бірін-бірі қуады.Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір

қашықтыққа шабады.Жігіт қызға жету керек.Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді.Ал егер жігіт қызға жетпесе,қыз жігітті қамшымен соғады.

Мәтін бойынша « Миға шабуыл» стратегиясы

Оқушылар мәтінді оқып шығады

1.Қыз қуу қаңдай ойын ?

2.Қызбен жігіт қандай қашықтыққа шабады?

3.Қызды қуып жеткенде жігіт не істейді?

4.Жігіт қуып жетпесе қыз не істейді ? Әр оқушы дауыстап толық жауап беруі тиіс.

Жүргізуші жеңімпазды анықтайды. Білгірлерді анықтаңыздар. Баршаңызға рахмет!

7 Тірек сызба жасату

Жету керек Ат

Қыз бен жігіт Қыз қуу Сүйеді

Белгілі қашықтық Қамшымен соғады

8 «Мәтін бөліктері»топтық ойын

2 Топ«ханталапай» мәтіні бойынша

Сөздікпен жұмыс

Боялуы керек- нужно покрасить

Кезек- очередь

Ұпай- очко

Қос уыс- пригорошня

Ортаға үйіру- сбросить в середину

Шашылған- разбросанные

Тимей калса- если не попадет

Алшы түскенде- в положении «алшы»

Мұғалім асықтың «әлше» «бүк» «шік» «тәуке» түскенін түсіндіреді

а Оқушылар мәтінді мұқият оқып шығады

ә Әр топ өз бетімен мәтінді аударады (7 минут)

б Мұғалімнің үстелінде 3 парақ жатады.

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Соңғы бөлім

Оқушылар аударып, болғаннан кейін, әр топтан бір оқушы мұғалімнің үстелінен бір парақ алады да, орнына отырып, әрі қарай дайындалады.

Содан кейін мәтін бөлектерін аударады «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады (Қателерін түзетеді, толықтырады).

5 Ойыннан соң мұғалім дұрыс аударған топты бағалайды.

7 «Ханталапай» ойынын көрсету, асықтармен ойнау

3 топ «Көкпар»мәтіні

9 Көкпар

Көкпарға жігіттер қатысады.Көкпаршылар сызыққа тұрады.

Лақты 50-60 адым жерге тастайды. Белгі бергенде олар шаба

ж.өнеледі. Ең алғыры іліп алып қашады. Басқалары оны қуып,

лақты тартып алуы керек. Көкпарды көмбеге бірінші әкелген

адам өзіне лақты алады.

«Миға шабуыл» стратегиясы

Сұрақтар:

Көкпарға кімдер қатысады ?

Көкпаршылар неге тұрады?

Лақты неше адым жерге тастайды?

Ең алғыры не істейді?

Көкпарды бірінші әкелген адам не істейді?

10. Венн диаграммасын толтыру

Тоғызқұмалақ Шахмат Қыз қуу Көкпар Асық ойыны Ақсүйек

11. Зерттеушілік әңгіме

Ұлттық ойындар нені тәрбиелейді? Мысал келтіріп, әңгімеле.

12. Кластер жасау

төзімділікті мықтылықты

жылдамдықты Ұлттық ойындар сергектікті

мергендікті денсаулықты

Үй жұмысы: жаңа сөздерді жаттау, «Ұлттық ойындар» презентация, бейнеклип жасау.

1-сурет.

2-сурет.

3-сурет.

4-сурет. Бисермен жұмыс.

5-сурет.

infourok.ru


Смотрите также